Abstract:
Ақпараттық қауіпсіздік - мемкелеттік ақпараттық ресурстардың, сондайақ ақпарат саласында жеке адамның құқықтары мен қоғам мүдделері қорғалуының жай-күйі. Ақпараттық қауіпсіздік режимін қалыптастыру кешендік мәселе болып табылады. Оны шешу үшін заңнамалық, ұйымдастырушылық, программалық, техникалық шаралар қажет. Сонымен қатар, қауіпсіздік саясаты - мекеменің ақпаратты қалайша өңдейтінін, қорғайтынын және тарататынын анықтайтын заңдар, ережелер және тәртіп нормаларының жиыны. Бұл ережелер пайдаланушының қайсы кезде белгілі бір деректер жинағымен жұмыс істей алатынын көрсетеді. Қауіпсіздік саясатын құрамына мүмкін болатын қауіптерге талдау жасайтын және оларға қарсы әрекет шаралары кіретін қорғаныштың белсенді сыңары деп санауға болады. Ал енді тарихи шолуларға келер болсақ ақпараттық құралдардың ең алғашқылары болған Бұқаралық ақпарат құралдарын айтамыз. Ақпараттандырудың аса маңызды объектiлерi - ұзақ уақыт кезеңге жұмыс iстеуiнiң тоқтауы немесе бұзылуы елдiң қорғанысы, қауiпсiздiгi, халықаралық қатынастары, экономикасы, шаруашылығының немесе инфрақұрылымының жекелеген салалары үшiн не тиiстi аумақта тұрып жатқан халықтың тыныс-тiршiлiгi үшiн төтенше жағдайға немесе айтарлықтай келеңсiз салдарға әкелетiн ақпараттық және телекоммуникациялық инфрақұрылым объектiлерi