Abstract:
Отбасылық туыстық қарым-қатынастар туыстық және жақындық атаулармен тығыз байланысты. Түркі халықтары (өзбек, түркімен, тәжік, қырғыз, қарақалпақ) мен қазақтарда туыстық және жақындық атауларының түрі мен мазмұны бір-біріне өте жақын. Мәселен, «аға», «жиен» атауларын салыстырып қарағанда бұл атаулар әр халықта бірдей бір-біріне жақын, ұқсас келеді. «Аға» деген атаумен айтушының бірге туған ағасы, немере, шөбере, аталас жасы үлкен еркектер, әкесінің інілері аталған. Ал «жиен» деген атаумен айтушының қызынан бірге туған апа-қарындастарынан немесе немере, шөбере және аталас апақарындастарынан туған бөлелер аталады. Күйеуге әкесінің әкесі де, әйеліне күйеуінің әкесі де «қайын ата» делінеді. Осы сияқты көптеген туыстық, құдандалық жақындық категорияларына ортақ атаулар өте көп. Бұл арадағы қазақтағы туыстық және құдандалық жақындық жүйесінің атаулары айтушыға аталушының жасының үлкен-кішілігіне, жынысына қарай жіктелетінін еске алғанымыз жөн. Мұнымен бірге атаулар әке және шеше тарапынан туыстық, құдандалық жақындыққа байланысты жіктелетінін де еске сақтауымыз қажет. Қазақ және басқа түркі халықтарының арасындағы туыстық және жақындық қатынастарға байланысты қалыптасқан жүйе тұрақты жүйе, ал қалыптасқан атаулар жоғарыда аталған жұртшылыққа ортақ болып саналады