Abstract:
Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы геосаяси тұрғыда өте маңызды және серпіңді ойыншы болып отыр. Өзінің тәуелсіздігін алғаннан кейін сыртқы экономикалық және саяси қатынастардың дербес субъектісі бола бастады. Біздің мемлекетімізбен ірі державалар мен экономикалық ұйымдар жақсы қарым-қатынас орнатуға және оны дамытуға ұмтылады. Олардың қатарына Ресей Федерациясы, Қытай Халық Демократиялық Республикасы, АҚШ пен Еуропалық Одақты жатқызуға болады.