Abstract:
Қазіргі қаламгерлер шығармашылығының ерекше ізденісі ретінде адам бойындағы қоғам тудырған қайшылықтарды айту ғана емес, адамның ішкі өзімен-өзі қайшыласқан тұстарын ұсына білуі. Адам өз бойындағы әр түрлі қасиеттер – адамгершілік, ізгілік, борыш сияқты сезімдер мен зұлымдық, азғындық сияқты қасиетсіз күштердің бітіспес майданы. Яғни қаламгерлер адам тұлғасы туралы көзқарастарын өздері жасаған тұлғалар арқылы көрсетуге ұмтылды.