Abstract:
Ғасырлар бойы өздерін қоршаған табиғат пен сыртқы күштердің қыспағына қарсыласа жүріп, кенеттен барша дүниені таңғалдыра, адамзаттық дамудың алғы қатарына шыққан жапон халқының жаратылысына «тылсым күш» қайдан дарыды? Жапондықтар кереметке бергісіз қуатты қайдан алды? Бұл сауалдарға жауап табу үшін жапон жұртының тарихына, әсіресе рухани-мәдени тарихына назар аудару орынды болмақ.