Abstract:
1990 жылдардың соңындағы қаржылық кризис пен нарықтық экономикасы дамып келе жатқан елдердің әлемдік экономикалық талқылауларға, шешім қабылдауларға толықтай дайын болмауына жауап ретінде құрылған G20 ұйымы ағылшын тілінде «Group of 20» (20 тобы) терминінің қысқартылуы болып есептеледі. Аталмыш ұйым әлемнің дамыған және өнеркәсіптік экономикасына ие 20мүшеден құралған: Түркия, АҚШ, Ресей Федерациясы, ЮАР, Ұлыбритания, Жапония, Канада, Германия, Франция, Италия, Австралия, Бразилия, Аргентина, Үндістан, Қытай, Индонезия, Мексика, Сауд Арабиясы, Оңтүстік Корея және Еуропалық Одақ.