Abstract:
Қазіргі таңда әлемде орын алып жатқан халық миграциясы процесі экономика мен саясат, демографиялық процестер мен ұлттық қатынастар, иделогия мен дін сияқты қоғам өмірінің барлық жақтарына әсер ететін, көпжақты құбылыс болып табылады. Өткен ғасырларда көшпенділік түрлерінде, әскери және отаршылдық қоныс аударуда, тұрғындардың халықаралық миграциясы шаруашылықтың капиталистік жүйесінің дамуымен жаңа сипаттарға ие болды. Өндіріс құралдарынан айырылған адамдарда үлкен көші-қонның қажеттілігі туындады. Миллиондаған адамдар өз туған жерлерін тастап, материалдық ауқаттылықты іздеу мен теңсіздіктен құтылу мақсатында, алыс және жақын орналасқан елдерге көшуге мәжбүр болды.