Abstract:
Этнография (гректің etnos – тайпа, халық, gphao - жазамын)- қоғамдық
ғылымның тайпалар мен халықтарды зерттейтін бір саласы. Этнография
қазіргі халықтарды және ертеде өмір сүрген көне этностық топтардың шығу
тегін, ру-тайпалық құрамын, қонысын, олардың өзіндік ерекшеліктері мен
бәріне бірдей ортақ жайларды, тарихи және мәдени қарым-қатынастарын,
күнделікті тұрмысын, кәсібін, қоғамдық және мәдени қарым-қатынастарын,
рухани мәдениетін жан-жақты зерттейтін ғылым саласы.