Abstract:
Адамның қолымен жасалған өнердің ішіндегі ең өміршеңі әдебиет
десек, әдебиет жанрларының ішіндегі сан-салалы мол мүмкіншіліктерге ие,
өмір болмысына артық бояу жақпай, шындық шеңберінде нақты да дәл
суреттейтін очерк жанры десек қателеспеспіз. Қазақтың тарихын, әдебиеті
мен мәдениеті, әдет-ғұрпы мен салт-санасын, тілі мен ділін қарапайым
халыққа таныту мен насихаттауда очерктің атқарар рөлі айрықша.