Abstract:
Нәзір Төреқұловтың 1920 жылдары жазған очерктері қазақ халқының
өмірінде болып жатқан сан қилы оқиғалар, заманның рухани көркі туралы
болып келеді. Н.Төреқұлов публицист ретінде өз кезеңіндегі өмірдің өзекті
мәселелеріне үн қосып қана қоймай, журналистиканың күрделі жанрларының
бірі – очерк жазуда да өзінің білімділігін, әдеби әзірлігін байқата алған
талант иесі.