Abstract:
Қазақтың ұлы жазушысы М.Әуезов шығармашылығының бет-пердесі
көсемсөзден басталады. Әсіресе 1930 жылдары жазған көсемсөздерінде
ұлт қамын жеген, ел болашағына алаңдаған ойлары мен байламдарының
мәні ерекше. Жазушы кейініректе әлемге әйгілі роман-эпопея туғызып,
суреткерліктің шеберлік шыңына жеткен шағында да өз заманының
тарихын, өзі өмір сүрген кезеңнің қарапайым еңбекшілері мен
қаһармандарын суреттеу үшін кӛсемсӛзге қайта-қайта айналып соғып
отырды. Өзінің болашақ романдарына апаратын жолды да осы көсемсөз
арқылы дайындық жасап барып, тауып отырды десек қателеспеспіз.