Abstract:
Очерк негізінен әдебиет пен журналистиканың қоғамдағы көкейкесті,
өткір мәселелерін қозғайтын жанр. Очерктің мақсатының өзі – нақтылы саяси,
экономикалық, әлеуметтік, философиялық мәселелерді көтере отырып, өз
кезеңіндегі қоғамға ықпал етуге талпынады. Очерк түрлерінің әрқилы мақсатқа
орай өзіндік стилі бола отырып, сендіру, ұйымдастыру, иландыру тәсілдерін де
пайдаланады.