Abstract:
Өндіріс орындарында ауа ластану көрсеткіштерінің барлық кешенін есетеуге мүмкіндік беретін LabVIEW бағдарламалық ортасында мониторингін жүргізетін бағдарлама құрастырылған. Бағдарлама қауіпсіздік класын және атмосфералық ауаның тәуліктік орташа шекті концентрациясын есептейді, сонымен қатар алынған мәндердің статистикасын жасайды. Берілген бағдарламада алынған есептеулер, сүзгілеу құрылғылардың жұмыс режимін реттеу арқылы дер кезінде ауаның құрамын бақылауға мүмкіндік береді.