Abstract:
Еліміз тәуелсіздік алған шақта ХХ ғасыр басындағы ұлттық идея мен иланымдарды
қайта қараудың, жаңаша бағалаудың, олардың рухани тағылымын танып-түсінудің сәті
түсіп отыр. Тәуелсіздік алған жылдардан бастап, ұлттық мемлекет құру, ұлттық
құндылықтарды жандандыру, ұлттық экономиканы қалыптастыру және ұлт ретінде әлем
кеңістігінен белгілі бір орын алу біз үшін маңызды болып отыр.