Abstract:
Мақалада бүгiнгi күнге дейiнгi зерттеулердi пайдалана отырып, қазақ тiлi дыбыстарының фонетикалық және
фонологиялық талдауы толықтай берiлген. Оның iшiнде дыбыстың жасалымы (артикуляциясы), дыбыстың айтылымы
(акустикасы), дыбыстың естiлiмi (перцепциясы) тұрғысынан талдау жүргiзiлген.
Description:
Келтiрiлген талдау қазақ тiлiнiң дыбыстық жүйесiн анықтауда және жаңа қазақ әлiпбиiн дұрыс құруда, қазақ тiлiнiң
орфографиялық емлелерi және морфологиялық, синтаксистiк ережелерiн айқындағанда қолданыла алады. Қазақша
сөйлеудi автоматты тану, синтездеу жүйелерiн жүзеге асыру кезiнде дыбыстарды фонетикалық және фонологиялық
талдаудың рөлi ерекше.