Abstract:
Қазiргi таңда инженерлiк-техника ғылымының дамыған шағында, оның iшiнде ақпараттық технологиялар,
компьютерлiк автоматтандырылған техника және тағы басқаларды ескере отырып, олардың көмегiмен температура
өрiсiнiң таралуын анықтау өзектi мәселелердiң бiрi екенi белгiлi. Қазiргi таңда денелердегi температураны анықтайтын
аспаптар мен техникалар бар. Алайды олар температура өрiсiнiң таралу заңдылықтарын анықтап, оған ғылыми тұрғыда
талдаулар жасай алмайды және зерттеулер жүргiзуге қажеттi параметрлердi бере алмайды. Осыны ескере отырып, бұл
ғылыми жұмыста өзекшенiң құрылым элементтiң бойымен температура өрiсiнiң таралу заңдылығын анықтайтын арнайы
программалық пакет жасау мәселесi қарастырылған.
Description:
Өндiрiс орындарындағы технологиялық жүйенiң немесе стратегиялық құрал
жабдықтардың негiзгi құрылым элементтерiн шектi ұзындықтағы өзекшелер құрайды.
Олар көп жағдайда жоғары температурада жұмыс жасайды. Темпаратураның әсерiнен
өзекше деформацияға ұшырайтыны бiзге физика пәнiнен белгiлi. Деформацияға ұшыраған
құрылымдық элемент (өзекше) көршi тұрған басқада қондырғы элементтерiне әсерiн тигiзбей
қоймайды. Осы мәселелердi алдын алу үшiн жоғары температурада жұмыс жасайтын
өзекшенiң құрылым элементiнiң бойымен температура өрiсiнiң таралу заңдылығын анықтау
қажеттiлiгi туындайды. Температура өрiсiн анықтау қазiргi уақытқа дейiн көптеген әлем
ғалымдарының еңбектерiнен кездестiруге болады. Алайда барлық жұмыстар мен еңбектер
қағаз жүзiнде математикалық модель түрiнде жазылыпта, айтылыпта жүр.